Өрт сөндірушінің карточкасына абайсызда 8 млн доллар аударылып кеткен

15 Сәуір 2020, 12:47
14581
Бөлісу:
Өрт сөндірушінің карточкасына абайсызда 8 млн доллар аударылып кеткен

Алматы, BAQ.KZ. Өрт сөндіруші әрі волонтер Чарльз Калвин жақын маңдағы банкоматқа 800 долларын шешіп алу үшін барған. Қанша қаражаты жатқанын тексерген ол есінен танып қала жаздаған. Өйткені оның шотында 8,2 миллион доллар болған. Бұл туралы NBC Chicago басылымы жазды.

Қомақты қаражатты көрген америкалық азамат өз көзіне өзі сенбей, банкомат қателесіп тұрған шығар деп ойлаумен болған. Осылайша ол карточкасын бірнеше рет тексеріп көрген, дегенмен шотындағы қаражат көлемі өзгеріссіз қалған. 

доллар.jpeg

Кейін Калвин банкке қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіреді. Банктегілер ол қаражат абайсызда түсіп кеткенін айтып, шотынан ақшаны кері қайтарғандарын жеткізген.

Өрт сөндіруші өзін азда болса миллионер сезініп, бір жасап қалғанын жасырмады. Бірақ банкке қателік орын алғаны туралы хабарлағанын дұрыс шешім деп ойлайды.

Өзгелердің жаңалығы