Карантин кезінде Роза Рымбаеваның ұлының тойын ұйымдастырғандар жазалана ма?

24 Тамыз 2020, 16:39
59550
Бөлісу:
Карантин кезінде Роза Рымбаеваның ұлының тойын ұйымдастырғандар жазалана ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов карантин кезінде той өткізгендерге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Карантин кезінде той өткізген Роза Рымбаеваның ұлы мен Төреғали Төреәлінің қарындасының тойын ұйымдастырғандар жазалана ма? деген журналистің сұрағына министрлік өкілі жауап берді.

Бұл мәселе тікелей министрдің қарауында. Осы бүгін таңертең ғана сол сұрақты талқыладық. Министр менің көзімше Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшинге хабарласты. Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен бұл іс бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, полиция бұл шараға қатысушыларды анықтап, қай жерде өтті, карантин кезінде өтті ме және қандай санитариялық нормаларды бұзғанын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы