Роналду 9 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайды

17 Сәуір 2019, 12:30
2588
Бөлісу:
Роналду 9 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың командасы, туриндік "Ювентус" 1/4 финалда Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Екі матч қорытындысы бойынша "Ювентус" голландиялық "Аякстан" (1:1; 1;2) ұтылды.

Осылайша, Роналду тоғыз жылда алғаш Чемпиондар лигасының финалында ойнамайды. 2009/10 маусымында сапында португалиялық ойнаған мадридтік "Реал" 1/8 финалда франциялық "Лионнан" ұтылған болатын. 

 "Реал" сапында Роналду төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған (2014, 2016, 2017 және 2018 жылдары).

Айта кетейік, 1/8 финалда "Аякс" Чемпиондар лигасынан "Реалды" (1:2; 4:1) шығарып жіберген еді.

Чемпиондар лигасының жартылай финалына голландиялықтардан бөлек "Барселона" шықты, каталондықтар 1/4 финалда англиялық "Манчестер Юнайтедтен" (1:0; 3:0) басым түсті.

Бүгін, 17 сәуірде жартылай финалда ойнайтын тағы екі команда анықталады: португалиялық "Порту" өз алаңында англиялық "Ливерпульмен" (бірінші матч 0:2), ал "Манчестер Сити" өз алаңында "Тоттенхэммен" (0:1) ойнайды.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусым Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.



Өзгелердің жаңалығы