Роман Скляр: Көкшетау мен Семейде жаңа ЖЭС салынады

17 Ақпан 2023, 10:54
1125
Бөлісу:
Роман Скляр: Көкшетау мен Семейде жаңа ЖЭС салынады
Фото: sputnik.kz

 Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бүгін Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Айтуынша, алдағы екі жылға жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған қырықтан астам жоба жоспарланып отыр. 

2025 жылға дейін қуаттылығы 757 Мегаватт жаңартылатын энергия көздерінің 41 жобасын пайдалануға беру жоспарда бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық жылу энергия станциясы мен электр желілеріне ревизия жүргізіліп жатыр. Бұл тексеру биыл бірінші тоқсанда аяқталады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын қабылдаймыз, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ауқымды жөндеу науқанына дайындық жүргізіліп жатқанын алға тартты. 

Меншік иелерінің жауапкершілігі қайта қаралып, бақылау-қадағалау фунциялары мен саланың жалпы тиімділігі күшейтілуде. Арнайы комиссия тез арада жаңғыртуды қажет ететін 19 проблемалы жылу электр стансасын анықтады. Президенттің тапсырмасымен Көкшетау, Семей қалаларында жаңа жылу электр станцияларын салу, Павлодар мен Екібастұздағы ЖЭС-терді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Роман Скляр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Серік Шайдаров республика аумағында жылу энергиясының тапшылығы проблемасы артып келе жатқанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы