Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Ашхабадқа жұмыс сапарымен барды

21 Мамыр 2022, 13:03
1151
Бөлісу:
Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Ашхабадқа жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. 2022 жылғы 20 мамырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Ашхабадқа жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовпен кездесу барысында биылғы жыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатын айтулы жыл екені атап өтілді.

Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24-25 қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Өзгелердің жаңалығы