Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Рөлде көзі ілініп кеткен: жүргізуші кабинадан ұшып кетіп, өз көлігінің астында мерт болды

30 Шілде 2025, 15:20
765
Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін таңертең Жамбыл облысындағы Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды. Рөлде көзі ілініп кеткен жүргізуші кабинадан ұшып кетіп, өз көлігінің астында қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 7:45 шамасында Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, "Газель" көлігінің жүргізушісі рөлде көзі ілініп кетіп, жол жиегінде тұрған КамАЗға соғылған. Қатты соққы салдарынан жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы ұшып кетіп, өз көлігінің астына түскен. Өкінішке қарай, ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы