Ролан Гаррос турнирінің чемпионы анықталды

12 Маусым 2023, 04:22
518
Бөлісу:
Ролан Гаррос турнирінің чемпионы анықталды
Фото: www.championat.com

Әлемнің 3-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін «Үлкен дулыға» жарыстарының 22 дүркін чемпионы атанған сербиялық спортшы финалда әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен бас жүлде үшін таласты.

Н. Джокович бірінші партияда тай-брейкте айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:1).

Содан кейін сербиялық теннисші күш ала түсті – 6:3.

Үшінші сетте есеп 5:5 болған мезетте брейк жасаған Новак матчқа доп бергенде, бет қаратқан жоқ – 7:5.

Үш сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Н.Джокович 11 эйс жасап, 10 брейк пойнттың үшеуін пайдаланды. К.Рууд 4 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Новак Джокович Ролан Гаррос жарысында үшінші рет үздік шықты.

Өз спорттық жолында «Үлкен дулыға» турнирін 23 рет ұтқан Н. Джокович теннис тарихында ең атақты ойыншы атанып, рекорд орнатты.

Өзгелердің жаңалығы