Ризабек Айтмұхан жылдың қорытынды рейтингінде көш бастады

Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жариялап, үздік балуандар тізімін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

31 Желтоқсан 2023 2023, 10:12
АВТОР
 zakon.kz 31 Желтоқсан 2023 2023, 10:12
31 Желтоқсан 2023 2023, 10:12
1038
Фото: zakon.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жариялап, үздік балуандар тізімін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақтан шыққан әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орында Грузия, үшінші сатыда Әзербайжан балуаны орналасқан.

86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Азамат Дәулетбеков рейтингтің екінші сатысына жайғасты. Ол әйгілі Хасан Язданиді де артта қалдырған.

79 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетелік, рейтингті түзу барысында балуандардың әлем, құрлық чемпионаттары мен Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері есепке алынды.

Наверх