Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатына қатысады

27 Тамыз 2024, 21:08
481
Бөлісу:
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатына қатысады
Фото: olympic.kz

Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған сынға қатысатын еркін күрестен Қазақстан командасының құрамы анықталды.

Дүниежүзілік сында ел намысын қорғайтын спортшылар арасында әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар.

Әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан жастар құрамасы:

57 келі: Мықтыбек Үкіметұлы

61 келі: Әбдінұр Нұрланбек

65 келі: Алайдар Шаттық

70 келі: Айқын Болатұлы

74 келі: Егор Анчугин

79 келі: Ерхан Бексұлтанов

86 келі: Навруз Ахмедханов

92 келі: Камиль Куруглиев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Әлихан Құсайынов

Өзгелердің жаңалығы