Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласады

26 Қазан 2024, 22:39
1818
Бөлісу:
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласады
Фото: скрин

Ризабек Айтмұхан үшінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ризабек Айтмұхан Албанияның Тиранда қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жақында ғана екі дүркін әлем чемпионы атанған Ризабек Албаниядағы 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады. Алғашқы айналымда канадалық Каллум Уильям Нокты, екінші белдесуінде польшалық балуанды және жартылай финалда ресейлік Имам Гаджалиевті 7:4 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр.

Финал 27 қазан күні өтеді. Ризабек Айтмұханның қарсыласы – ирандық Махди Морафах.

Өзгелердің жаңалығы