Риши Сунак ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі болды

<p>Риши Сунак ресми түрде&nbsp; Ұлыбританияның премьер-министрі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.</p>

26 Қазан 2022 2022, 12:22
АВТОР
 26 Қазан 2022 2022, 12:22
26 Қазан 2022 2022, 12:22
1010

Риши Сунак ресми түрде  Ұлыбританияның премьер-министрі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews таратқан мәліметке сәйкес, Сунак бұл қызметті небәрі 45 күн атқарған Лиз Трасстан басқару билігін қабылдады. Сунактың жаңа қызметін британдық патша ІІІ Чарльз мақұлдады. 

 42 жастағы бұрынғы банкир әрі қаржы министрі патшалық тарихындағы ең жас үкімет басшысы болды. 

Риши Сунак - шығу тегі үнділік алғашқы британдық көшбасшы. 

Бұған дейін Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунак сайлаусыз тағайындалатыны туралы айтылған болатын. 

 Ал Лиз Трасс 20 қазан күні Ұлыбританияның үкімет басшысы лауазымынан кететіні белгілі болды.  

Наверх