Рио-де-Жанейрода үй құлауынан қайтыс болғандар саны 8-ге жетті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында үйдің құлауы салдарынан қайтыс болған адамдардың саны сегізге жетті.</h4>

14 Сәуір 2019 2019, 13:48
АВТОР
 14 Сәуір 2019 2019, 13:48
14 Сәуір 2019 2019, 13:48
2646

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында үйдің құлауы салдарынан қайтыс болған адамдардың саны сегізге жетті.

Құтқарушылар үйіндінің астын қазып, адамдарды іздеп жатыр. Дәл қазіргі уақытта 16 адам із-түссіз жоқ. Бұл туралы Associated Press жазады.

Музем ауданында 12 сәуір күні таңертең екі алтықабатты үй құлаған болатын. Үйлер төбеде орналасқан. Үздіксіз нөсер жауынның кесірінен қатты зардап шеккен. Апта басынан бері қалада 365 мм жауын-шашын болды.
Наверх