Рим папасы Франциск Газа секторындағы палестиналықтарға шұғыл түрде гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен қатар ол Израиль мен ХАМАС-қа оқ жаудыруды тоқтату мен тұтқындарды босату туралы ұсынысты қабылдауын тіледі.
Рим папасы осы аптада палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық конференция өткізетін Иорданияға алғысын білдірді.
Мен халықаралық қауымдастықты соғыстан қажыған Газа тұрғындарына көмекке келу үшін шұғыл әрі бар күшін салуға шақырамын. Гуманитарлық көмек мұқтаж жандарға жетуі және оған ешкім кедергі келтірмеуі қажет, - деді ол.