Рим папасы Франциск Ватикандағы Святого Петра алаңында ауруханадан шыққаннана екі апта өткен соң жұртшылық алдына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Бұл оның 14 ақпанда ауруханаға тыныс алу жеткіліксіздігімен түскеннен кейін алғаш реет халық алдына шығуы болды.
«Баршаңызға жақсы жексенбі тілеймін. Үлкен рахмет сіздерге», - деді арбада отырған 88 жастағы Франциск.
Көпшілік оны қошеметпен қарсы алды. Белгілі болғандай, ол оттегі түтікшелеріне қосылған екен, сондықтан да дауысы әлсіз шыққан.
Айта кетейік, Папа Франциск ауруханада бес аптадан астам уақыт жатты, бұл оның 12 жылдағы ең ауыр денсаулық дағдарысы болды.
Бастапқыда диагноз қойылған бронхит екіжақты пневмонияға айналды, бұл оның денсаулығы үшін өте қауіпті еді, себебі жас кезінде ол плевритпен ауырып, бір бөлігі өкпесінен алынып тасталған.
Оның медициналық тобының басшысының айтуынша, бір сәтте ауруханада Францисктің жағдайы тым нашарлағандықтан дәрігерлер оны емдеуді тоқтатпақ болған екен.
Естеріңізге сала кетейік, Рим папасы 24 наурызда ауруханадан шығарылды.
Ақпан айының соңында бұқаралық ақпарат құралдары Рим папасы Францискінің денсаулығы сәл жақсарғанын хабарлаған болатын.