Бұл туралы Риддер қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
2023 жылғы 24 сәуірден бастап қала әкімінің орынбасары Қосантаев Дархан Дәуренбекұлы Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Қосантаев Дархан Дәуренбекұлы 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Шемонаиха ауданының Рулиха жалпы білім беретін орта мектебіне оқуға түсті. 2009-2013 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Экономика және менеджмент факультетінде оқып, қаржы бакалавры біліктілігін алған. 2015-2017 жылы Семей қаласында КАЗГЮУ-да оқыды.
11.2013 - 01.2014 жылы "Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты"ММ бас маманы міндетін атқарушы.
01.2014 - 02.2014 жылы "Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты"ММ бас маманы.
03.2014 - 04.2015 "Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ бас маманы.
04.2015 - 08.2015 жылдары "Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ бас маманы.
08.2015 - 05.2017 "Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты"ММ кенттік инфрақұрылым бөлімінің басшысы.
05.2017 - 02.2020 "Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі"ММ коммуналдық меншікті бухгалтерлік есеп және есептілік, басқару және мониторинг секторының меңгерушісі.
02.2020 - 12.2020 "Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі"ММ басшысы.
12.2020 - 05.2021 "Риддер қаласы әкімінің аппараты"ММ персоналды басқару бөлімінің басшысы.
05.2021 - 13.04.2022 Риддер қаласы әкімінің аппарат басшысы
14.04.2022 - қазіргі уақытта Риддер қаласы әкімінің орынбасары
Еске салсақ, 21 сәуірде Риддер қаласының әкімі Дмитрий Анатольевич Горьковой кенеттен қайтыс болғаны хабарланды.