Риддер қаласында тұрғындардың бұған дейін жылуға төлеген ақшасы қайта есептелуге тиіс. Бұл туралы табиғи монополияны реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Қаланың жылу жүйесінен ақау шығып, 22 мың абоненттің жылусыз қалғанын айтқан едік. Пәтердегі температура 15-17 градустан аспайды. Қазір орталық қазандықты жөндеп жатыр. Осыған қарамастан, жаураған жұртқа жылу ақысын төлеу бойынша түбіртек келіп жатыр. Онда осы жылу температурасының төмендеп кеткен күндері ескерілмеген.
Сондықтан Табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері тұрғындарға жергілікті пәтер иелері коооперативімен бірге жылу аз берілен күндерді тіркеп, жылу беру станциясына арыздануға кеңес береді. Егер ол арыз ескерілмеген жағдайда, департамент тұрғындардың құқығын қорғайды.
Егер екі жақтан келісім табылмаған жағдайда тұтынушылар мен кондоминиум мүшелері біздің департаментке өтінішпен жүгіну арқылы өз құқытарын қорғай алады. Өз кезегінде осы өтініштің негізінде жылу жылу беру компаниясына тексеріс ашып, тиісті анықтама, талдау жүргізу арқылы өз жұмысын жүргізеді, - деді Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ШҚО департаменті басшысының орынбасары Жұмагүл Мүсіпова.