Риддерде туризмге кедергі жасаған әкімдік шешімі заңсыз деп танылды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Скай Тау Риддер» ЖШС-нің заңды мүдделерін қорғады.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Шеризат Бүгiн 2026, 19:56
Бүгiн 2026, 19:56
103
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Шеризат

ШҚО прокурорлары туризмге кедергі жасаған әкімдік шешімі заңсыз деп танылды. Олар инвесторларға Риддер қаласындағы тау шаңғысы курортын кеңейтуге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инвестор Риддер қаласында өңір үшін маңызды тау шаңғысы кешенін реконструкциялау жобасын іске асыруда. Оның аясында қазірдің өзінде 20 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. 

Жергілікті атқарушы орган теміржол желілерінің санитарлық-қорғау аймағында орналасқанын алға тартып, компанияға қосымша жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқаны анықталды.

Алайда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ресми мәліметтеріне сәйкес, бұл учаскені мәлімделген мақсаттарда пайдалануға жол беріледі.

Прокурорлық қадағалау актісінің арқасында әкімшілік кедергі жойылып, инвестордың құқықтары толығымен қалпына келтірілді. Бұл жобаны іске асыру туристік инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға тікелей ықпал етеді, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Президент экология, инвестиция және туризмге қатысты ШҚО-ны дамытудың басымдықтарын айтқан болатын. 

Наверх