Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығы мен Риддер қаласының еріктілері Пихтовка орман шаруашылығын көгалдандыру акциясына қатысты, деп хабарлады Алтайньюс.
Аталмыш шараға 70-тен астам ерікті мен 20 орманшы белсене қатысқан. Алдымен қорықшылар еріктілер үшін мастер-класс өткізіп, кішкентай шыршаларды қалай дұрыс отырғызу керектігін үйретті.
Акция барысында барлығы 8 гектар жерге 35 мың көшет отырғызылған көрінеді. Мамандардың айтуынша, 10 жылдан кейін бұл жерде биоценозы бар толыққанды шыршалар өсіп шықпақ.