Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Табиғатты қорғау ресурстары басқармасы мен ШҚО ӨКМ-нен Бутаков орманшылығында рейд жүргізген.
Рейд барысында көлемі 73,78 текше метр «қарағай» тұқымының 52 ағашын заңсыз кесу анықталған. Келтірілген залал 450 000 теңгеден астам сомаға бағаланды.
Қылмыс орнына келген тәртіп сақшылары табиғатқа зиян келтірді деген күдікпен Глубокое ауданының 45 жастағы тұрғынына бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340 - бабы 2-бөлігі «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.