Газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы жарылды. Жұмыс көмір беретін транспортерде жүргізіліп жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соның салдарынан зардап шеккен алты адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
ЖЭО-да болып, орталық басшылығымен және жұмысшыларымен кездестім. Жағдайды толық бағалау үшін барлық қазандықтар мен негізгі жабдықтарға қосымша тексеру жүргізіледі. Болған оқиғаға қарамастан, орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Жабдықтар ақаусыз жұмыс істеуде. Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу беру тоқтатылмайды. Мамандар алдағы уақытта ЖЭО-да мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қала халқына бұл жағдайға түсіністікпен қарауын және жалған ақпараттарға сенбеуін сұраймын, — дейді облыс әкімі Ермек Көшербаев.