12 қыркүйекте "Риддер ЖЭО" АҚ-да №1, 2 орташа қысымды қазандықтар іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
№1,2 қазандықтар сумен толтырылып, жылу желісінің тығыздығы мен беріктігін тексереміз. Сондай сәтте кейбір жерлерден тамшылап су кетуі мүмкін. Ақауды жөндеп, одан кейін қайтадан қысыммен су беру керек. Бұл жұмыстар жылыту маусымы кезінде кідіріс болмауы үшін жасалып жатыр», – деді Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев.
Бұл іске қосу-жөндеу жұмыстарының бірінші бөлігі, содан кейін отқа төзімді кірпішпен қалау жүзеге аспақ.
Дәл осы кезеңде бу, ауа жылытқыштардың, үрлеу механизмдерінің және т.б.жұмыстардың оңтайлы режимі таңдалады, – деп түсіндірді Риддер қаласының әкімі.
Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жылу және электр энергетикасының барлық саласын жандандыру қажет екенін атап өткен еді. Риддер ЖЭО-да бұл жұмыстар қазір жүргізіліп жатыр. Барлық алты қазандықты қайта құру және жөндеу жұмыстарының қарқыны жоғары.