Риддер қаласы маңында жер үйлер мен автокөлік жолын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Qazaqstantv телеарнасының мәліметінше, тұрғындар енді көктемде бүкіл ауыл суға кете ме деп үрейленіп отыр.
Шығыста Риддер қаласының шетіндегі саяжайдағы отызға жуық үй мен бау-бақшаны және автокөлік жолын су басып қалды. Себебі жергілікті гидростанса артық суды өте көп мөлшерде жіберген. Дүние-мүлкі қатқан мұздың астында қалған тұрғындар енді көктемде бүкіл ауыл суға кете ме деп үрейленіп отыр, - делінген хабарламада.