Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары судан зақымданған үйлерін сүріп, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Ауыл тұрғындарының әрқайсысына ҚР Үкіметі резервінен 17 млн теңге беріледі. Айта кетерлігі ауылда жалпы 190 үй бар, бүгінде 168 үй иесіне 8,5 млн теңге аударылған. Қалған отбасылармен келесімшарт жасалуда. Жалпы сомма 3 бөлікпен аударылатын болады.Қазіргі таңда Өргебас ауылында 118 үй сүріліп, 35 үйдің іргетасы қаланып жатыр. Сондай-ақ 3 үйдің дуалы өрілуде. Мәселен, ауыл тұрғыны Малыбек Жолдасов қаржының жартысын алып бүгінде іртетасын қалау жұмыстарын аяқтауда.
Мемлекеттен берілген 8,5 миллион теңгені алып, өзіміздің қалауымызша үй салып жатырмыз. Дуалын қыштан көтеремін деп жоспарлап отырмын. Құрылысын екі айда аяқтап, күн суығанға дейін кіріп аламыз деп отырмыз. Жұмысшылар жеткілікті, қаржы уақытында аударылды, – деді Малыбек Ергешұлы.Сонымен қатар, Ә.Усманов қорының 1000 долларлық жәрдемақысын ауылдың 105 жанұясы алған, ал қалған отбасылардың құжаттары рәсімделуде. Ауылдағы үйлерді сүру, құрылыс қоқыстарын тазарту және құрылыс жұмыстарына 9 техника, 54 жұмысшы жұмылдырылған. Алдағы уақытта жұмыс күші көбеймек.