Қарағандылық дәрігерлерді резидентурада бюджет есебінен оқытады

1 Тамыз 2019, 11:01
1594
Бөлісу:
Қарағандылық дәрігерлерді резидентурада бюджет есебінен оқытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жергілікті бюджеттен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға қаржы бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандар оқудан кейін өңірде жұмыс тауып, олардың бір бөлігін ауылдық ұйымдар таңдайды. Бұл мамандардың тапшылығына, әсіресе бейінді мамандардың жетіспеушілігіне қатысты проблеманы шешудің бір жолы.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, 2018 жылы облыстың медициналық мекемелеріне 333 маман жұмысқа орналасты, оның 260-сы жас мамандар. Резидентураны бітіргеннен кейін 67 дәрігер жұмысқа орналасты.

"2019 жылы облыстық бюджет есебінен резидентурада 58 маманның мақсатты даярлығы қаржыландырылды. Олардың 13-і жұмысқа кірісіп, 38-і оқуын жалғастыруда", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасында.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға әртүрлі көздерден: республикалық және жергілікті бюджеттерден, ұйымдардың өз кірістерінен ақша бөлінеді. Шетелдік мамандардың мастер-кластары қаржыландырылады. 6700-ден астам қарағандылық дәрігерлер тәжірибе алмасу үшін Қазақстан мен басқа да елдердің қалаларына барды. 

Айта кетейік, ҚР президентінің «Баршаның игілігі! Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» атты сайлауалды бағдарламасы медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты тармақты қамтиды. Шаралар медицина қызметкерлерінің құзыретін арттыруға және кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.

Қарағанды облысының мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 14 601 адам еңбек етеді: 4475 дәрігер және 10 126 орта медициналық қызметкер.

Өзгелердің жаңалығы