Қаржы нарығын реттеу агенттігі құрылады – Досаев

22 Мамыр 2019, 11:56
3956
Бөлісу:
Қаржы нарығын реттеу агенттігі құрылады – Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қаржы ұйымын қайта құру және оны Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру бойынша жоспарымен бөлісті.

«Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылады. Сонымен қатар жаңадан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрылады. Ұлттық банктің өкілеттіктері жаңа органға беріледі. Біз функциялар, өкілеттіктер мен штатты заң жобасында қарастырдық. Қазіргі штаттағы 500 адам агенттікке ауысады. Мамыр - маусым айының ортасында Қаржы министрлігімен жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жаңа орган қызметін 2020 жылдың басынан бастайды. Жаңа агенттік Алматыда орналасады. Бұған қоса Ұлттық банкті болашақта Нұр-Сұлтанға көшіру жоспары да бар», - деді Досаев Мәжілісте.

Атап өтсек, бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.

Қазір мəжілісмендер «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қарап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы