Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай мен дауыл күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Қазақстаның солтүстігінде түнде және танертең кей жерлірінде тұман күтіледі. Оңтүстікте және батыста жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі, түнде және танертең кей жерлерінде тұман болжануда.
Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Алматы, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ күтіледі. Қарағанда, күндіз Павлодар облысының кей жерлеріндежел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болжануда, Қарағанда облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Түркістан, Алматы, облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.