Ел аумағының 72%-ын әлі де қар басып жатыр, 10 өңірде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.
Синоптиктер республиканың қай өңірлеріне су басу қаупі төніп тұрғанын жария етті.
Қауіп-қатер жоғары өңірлер: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.
Қауіп-қатер орташа өңірлер: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.
Қауіп-қатер төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.
Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәннен 13-44%-ға төмен.
Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары.
Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда.
Консультативтік болжамға сәйкес 2023 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жылы және жаңбырлы болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» метеорологиялық қызметі.