Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары атмостфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Тек республиканың батысында және солтүстік-батысында Мәскеу ауданынан келген циклонының әсерінен найзағаймен жаңбыр жауып, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте тұман күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, Атырау облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, күндіз Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең, Павлодар облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, кей жерлерде Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.