Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Министрлік апта сайын ішкі нарықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізіп отыр. Әкімдіктердің жедел ақпараты бойынша 12 наурыздағы жағдай бойынша 1,3 млн тонна әлеуметтік маңызы бар тауар бар. Оның ішінде 141 мың тонна ұн, 90 мың тонна қант, 139,9 мың тонна күріш, 121 мың тонна макарон және 900 мың тонна көкөніс бар, - деді ол.
Жеңіс Өсербайдың айтуынша, азық-түлік қоры қажеттілік бойынша күн сайын толықтырылып отырады.
Республикада бидай, ұн өндіретін шикізат бар. Сондай-ақ сүт және ет өнімдерін алатын мал басы да жеткілікті. Біз өзіміздің тұтынатын тауарларды артық бөлігімен өндіреміз. Мысалы, ұнды жылына 1,2 млн тонна тұтынсақ, 3 млн тонна ұн өндіріледі. Осылайша, осы өндіріс қарқыны сақталса, тапшылық туындамайды. Осыны хабарлағымыз келеді, - деді ол.