Республикалық трассаларда жаяу жүргіншілер өткелдері салынды

11 Сәуір 2023, 14:05
721
Бөлісу:
Республикалық трассаларда жаяу жүргіншілер өткелдері салынды
Фото: "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы

Қозғалыс қарқындылығы жоғары республикалық күре жолдарда жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жалғастыруда. 

Мәселен, Алматы облысында орналасқан қозғалыс қарқындылығы жоғары "Алматы-Бішкек" және "Алматы-Шелек-Қорғас" күре жолдарында бес жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, қолданысқа берілді. 

Жолды қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретін жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері "Алматы-Бішкек" тасжолының 23, 24, 28, 45-шақырымдарында және "Алматы-Шелек-Қорғас" күре жолының 33-шақырымында пайда болды. Жаңа жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің қасында Құм тоған, Алмабалық, Қасымбек, Бәйтерек елді мекендері және Керуен автостанциясы орналасқан, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Құрылыс барысында ерекше қажеттілігі бар жандарға қолайлы жағдай жасауға баса көңіл бөлінді. Жаңа жасанды қондырғыларда пандустар және арнайы платформалар бар. Ал жаяу жүргіншілердің ыңғайы үшін баспалдақтардың үстінде арнайы шатырлар қарастырылды. Сонымен қатар түнгі уақытта пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жарықдиодты шамдар орнатылды.

Жаңа типтегі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің қызмет ету мерзімі кемінде 15 жыл.

Өзгелердің жаңалығы