Қазақстанның бес облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысында 8 учаске:
- "Щучинск-Зеренді" автожолында 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді ауылына дейін - 77 км.
- "Көкшетау-Атбасар" автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан - Атбасар қаласына дейін – 137 км.
- "Астана-Петропавловск" автожолында 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қаласына дейін ("КАЖсервис" ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
- "Екатеринбург-Алматы" автожолында 1292-1353 км, Жібек жолы ақы алу пунктінен - Қарағанды обласының шекарасына дейін – 61 км.
- "Екатеринбург-Алматы" автожолында 856-915 км, СҚО шекарасынан - Жақсы ауылына дейін – 59 км.
- Көкшетау-Рузаевка" автожолында 0-61 км, Көкшетау қ.- СҚО шекарасына дейін – 61 км.
- "Көкшетау-Омск" автожолында 14-50 км, Көкшетау қ.- СҚО шекарасына дейін – 36 км.
- "Астана-Петропавловск" автожолында 304-341 км, Көкшетау қ. СҚО шекарасына дейін – 37 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. (СҚО ауа-райының нашарлауына байланысты)
Жетісу облысында 1 учаске:
- "Үшарал-Достық" автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 км.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. (жаңбыр, ауа-температурасының төмендеуі)
Қарағанды облысында 1 учаске:
- "Екатеринбург-Алматы" автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.