2022 жылғы 15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстарына 576 бірлік арнайы техника мен 641 жолшы маман жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің республикалық автожолдарында жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін өткен түнде 1266 м3 құм-тұз қоспасы себілді.
Қазіргі уақытта қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жалғасуда. Республикалық маңызы бар автожолдар ашық.
"ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ мамандары республикалық жолдардағы ахуалды тәулік бойы қадағалауда.