Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды

2 Қараша 2023, 17:10
814
Бөлісу:
Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды
PHOTO
Фото: Қазақстандық қоғамдық даму институты

Астанада Республикалық балалар оқулары байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттырып, қазақ және шетел әдебиетін терең зерделеуге, сондай-ақ оқушылардың жылдам оқып, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық кезеңге еліміздің барлық аймағынан іріктелген 63 оқушы қатысты. Олар жарыста 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындап, эссе жазып, сыни ойлау және ойын дұрыс жеткізу шеберлігін көрсетті. Ал байқаудың аудандық кезеңіне 8-10 сыныптың 10 024 оқушысы қатысса, облыстық кезеңде 767 оқушы бақ сынаған болатын.

Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды

Айта кетейік, іс-шара барысында Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірлеген балаларға арналған Tanym мобильді қосымшасы таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар Назарбаев Университетіне және Ұлттық музейге экскурсия жасады, медиа және ақпараттық сауаттылық туралы дәріске қатысты.

Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды
Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды
Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгінгі жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, жазушы Қуаныш Жиенбай, публицист, жазушы Шархан Қазығұл, Назарбаев Университеті кітапханасының директоры Джеральд Кавана және Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қатысты.

Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды
Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды
Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар анықталды:

- І орынды 8-сынып бойынша Ақтөбе қаласы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Абылай Ержанов;

- 9-сынып бойынша Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айша Бағдат;

- 10-сынып бойынша Түркістан қаласы Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектебінің оқушысы Арайлым Ширимбекова иеленді.

Сондай-ақ II, III орын жеңімпаздары мен байқауға белсенді қатысқан оқушыларға да арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды

Балалар оқулары байқауы биыл дәстүрлі түрде 3-рет ұйымдастырылды. Қорытынды іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты және Назарбаев Университеті бірлесе өткізді.

Өзгелердің жаңалығы