23 қараша сағат таңғы 08.00-ден бастап екі учаскеде көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 615-967 шақырымдары аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ашық.
Жетісу өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 558-615 шақырымдары аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске ашық.
Ал Р-20 «Сарыөзек-Көктал» күре жолының 45-68 шақырымдары аралығында (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысына әлі де шектеу қойылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, кеше кеште ауа райының қолайсыздығына байланысты жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мәселен, өткен түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілді.