Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Республикалық 6 тасжолда дизельмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелді

Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Ақмола облысында ауа температурасының минус 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты сағат 21:00-ден бастап дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шектеу келесі автожол учаскелерінде енгізілді:

Көкшетау – Рузаевка (0–61 км) – Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін, 61 км

Көкшетау – Кішкенекөл (2–50 км) – Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін, 48 км

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған (232–260 км) – Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін, 28 км

Жезқазған – Арқалық – Петропавл (377–595 км) – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 218 км

Астана – Петропавл (304–341 км) – Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін, 37 км

Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (856–917 км) – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы кентіне дейін, 61 км.

Өзгелердің жаңалығы