Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,1%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары - 98,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджеттің шығысы 8 трлн 136 млрд теңгені құрады. 74 млрд теңгеге атқарылмаған. Оның ішінде, үнемдеу – 13 млрд теңге, игерілмегені – 61 млрд теңге, - деді ол.
Министрдің айтуынша, игерілмеудің негізгі себептері - конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасау рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеуге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлеміне, орындалған жұмыс үшін төлеу, сондай-ақ республикалық бюджет ақшасы бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр.
Жергілікті бюджеттердің шығысы 4 трлн 172 млрд теңгені құрады. 62 млрд теңгеге атқарылмаған. Ағымдағы жылы өңірлерге сомасы 2,3 трлн теңгеге нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша 1 тамызға оларға 1,1 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 98,3%-і игерілген. Атқарылмағаны – 19 млрд теңге. Оның ішінде үнемдеу – 4 млрд теңге, игерілмегені – 15 млрд теңге. Қаражаты көп игерілмеген өңірлер қатарында Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Ақтөбе, Солтүтік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бар, - деді Жамаубаев.