Республикада коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 есеге қысқарған

10 Қараша 2021, 09:31
1064
Бөлісу:
Республикада коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 есеге қысқарған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда репродуктивтілік саны 0,90-ды құрайды.

«Сары» аймақта Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары тұр. «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта, – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Вице-министрдің хабарлауынша, республика бойынша соңғы екі айда сырқаттану 3,4 есеге, өлім-жітім 4,0 есеге төмендеген.

Республикамызда 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орын 56%-дан 30%-ға, ал реанимациялық төсек-орын 45%-дан 26%-ға төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар, – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакцинациялау қашан басталатындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы