Экология және табиғи ресурстар министрі «Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу туралы» 2024 жылғы 19 қаңтардағы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты: жаңа ауланған немесе салқындатылған, мұздатылған балық (көксерке), жаңа ауланған немесе салқындатылған, мұздатылған сом балық (африкалық сом балығын қоспағанда) және басқа да тұщы су балықтарын әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - делінген құжатта.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетіне тыйым салу енгізілгені туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету ұйғарылды.