Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Республика күніне орай ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жарияланды

24 Қазан 2025, 16:31
570
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов
Фото: BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне байланысты 25 қазан, сенбі күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қазан, дүйсенбі күні тек кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған орталықтар ғана жұмыс істейді.

Кәдімгі ХҚКО-ларда азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 9:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды беру процесі мамандандырылған орталықтарда 13:00-ге дейін жалғасады.

28 қазаннан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс тәртібіне оралады.

Кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған орталықтардың өзекті тізімін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Instagram-дағы ресми парақшасынан немесе 1414 нөміріне қоңырау шалып білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы