Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді?

22 Қазан 2026, 12:15
АВТОР
 ©️BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 22 Қазан 2026, 12:15
22 Қазан 2026, 12:15
112
Фото: ©️BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

BAQ.KZ тілшісі Республика күніне орай Алматыда өтетін іс-шараларға шолу жасады. 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама аясында концерттер, музейлер мен кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, байқаулар, танымал тұлғалармен кездесулер, флешмобтар және жастар акциялары өтеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастыру жоспарланған.

Негізгі іс-шаралар

23 қазанда Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сол күні сағат 18:30-да «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Егемен ел – еңселі ел» атты концерт ұйымдастырылады.

25 қазанда «Медеу» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтеді.

Сол күні сағат 17:00-ден 21:30-ға дейін Абай алаңында танымал өнерпаздардың қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт болады.

10-25 қазан аралығында оқуға және кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт – озық ұлт» жалпықалалық акциясы өтеді.

20-25 қазан аралығында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында Республика күніне орайластырылған «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі ұйымдастырылады.

Аудандардағы іс-шаралар

Алмалы ауданы

22 қазан, сағат 15:00 – Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінде мерекелік концерт өтеді. Мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 83.

Түрксіб ауданы

22 қазан, сағат 15:00 – №6 Оқушылар үйінде концерт ұйымдастырылады.

Әуезов ауданы

22 қазан, сағат 15:00 – «Нархоз» университетінде мерекелік іс-шара өтеді. Мекенжайы: Жандосов көшесі, 55.

Наурызбай ауданы

22 қазан, сағат 14:30 – Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында концерттік бағдарлама өтеді. Мекенжайы: Шұғыла шағынауданы, 347/4.

Жетісу ауданы

23 қазан, сағат 11:00 – Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. Мекенжайы: Кемел шағынауданы, Есім хан көшесі, 127.

Медеу ауданы

23 қазан, сағат 12:00 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында салтанатты концерт өтеді.

Бостандық ауданы

23 қазан – Satbayev University-де концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Алатау ауданы

24 қазан, сағат 18:00 – «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт өтеді.

Бұдан бөлек, Республика күніне арналған іс-шаралар Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік орталықтарда да ұйымдастырылады. Орталық қызметтерін алушыларға концерттік және ойын-сауық бағдарламалары ұсынылады.

Мерекелік іс-шаралар Қазақстаннан тыс жерлерде де өтеді. 21-29 қазан аралығында қалалық әкімдіктің қолдауымен «Алматы әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Италияның Рим және Флоренция қалаларында концерт береді. Өнер ұжымының гастрольдік сапары Республика күніне орай ұйымдастырылған.

Оқи отырыңыз: 

Республика күні: Қазақстан өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді?

Наверх