Республика күні: Астанада 100-ден астам шара өтеді

Бөлісу:
Республика күні: Астанада 100-ден астам шара өтеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

25 қазан күні елімізде Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі.

23 қазан күні «Жастар» сарайында сағат 19:00-де Республика күніне арналған «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблінің «Атамекенім» мерекелік концерті өтеді.

25 қазанда сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін орталық алаңда және елорда саябағында қазақ эстрадасының жұлдыздары мен би ансамбльдерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді. Іс-шара барысында «гір көтеру», «асық ату», «қол күрес» және т.б ұлттық ойындар да өткізіледі.

25-26 қазан күндері Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында сағат 19:00-де автор Мұхтар Шахановтың қатысуымен «Танакөз» спектаклінің премьерасы өтеді.

Ал 26 және 27 қазанда сағат 19:00-де жас көрерменнің музыкалық театрында «Гаухартас» спектаклі көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы