Республика күні: Астана тұрғындары балкондарын Қазақстан туымен безендірді

«Менің Қазақстаным!» челленджі жыл сайын ұйымдастырылып, азаматтарды Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету идеясы төңірегінде біріктіреді.

 Астана қаласының әкімдігі 21 Қазан 2026, 07:12
21 Қазан 2026, 07:12
139
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астананың Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында Республика күні қарсаңында «Менің Қазақстаным!» патриоттық акциясы өтті. Бастама аясында көпқабатты тұрғын үйлердің балкондары мен көшелеріне Қазақстанның 200-ден астам туы ілінді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Акцияға қала жастары, аудан тұрғындары және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты. Тұрғындар балкондарын мемлекеттік тумен безендіріп, ұлттық мереке қарсаңында патриоттық көңіл күй қалыптастырды.

«Менің Қазақстаным!» челленджі жыл сайын ұйымдастырылып, азаматтарды Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету идеясы төңірегінде біріктіреді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар Мемлекеттік туды белгіленген талаптарды сақтай отырып, патриоттық сезімдерін білдіру үшін пайдалана алады.

Наверх