Синоптиктер 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде тұман түсіп, үсік жүреді. Синоптиктер желдің күшеюін де болжап отыр.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың шығысында жаңбыр жауып және қар жауады.
Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстігінде, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.