Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басышысы Бекжан Садықов Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың экономикалық векторын дамытуға көбірек көңіл бөліп келе жатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екі ел арасындағы қатынас тату-тәтті көршіліктің арқасында дамып келеді. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы бүгінде 28 млрд АҚШ долларға жетті, бұл рекордтық көрсеткіш. Екі мемлекет те ынтымақтастықтың экономикалық векторын дамытуға көбірек көңіл бөледі. Мәселен елдер 33 млрд доллардан астам сомаға 143 жобаны іске асырады, бұл 31,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазақстан экономикалық ынтымақтастықты қолдайтынын, өзара тиімді қатынастар логикасына жататынын атап өткеніміз жөн болар, - дейді Бекжан Садықов.
Сарапшының айтуынша, Қазақстан білім беру саласында өзге елдермен серіктес болып, таңдаулы оқу орындарының филиалын ашуға ұмтылып жатыр.
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл. Қазақстан адами капитал нысанында ғылым мен білім беруді дамытуға ұмтылады. Мәселен Атырау мұнай және газ университетінің базасында ресейлік И. Губкин атындағы университеттің филиалы ашылды. Бұл оқу орны жастарымыздың жоғары білімге, оның ішінде техникалық мамандықтар бойынша қолжетімділігін кеңейтуге деген ұмтылыстарын арттырады. Жалпы Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатын жоспарлы түрде жүзеге асырып жатқанын атап өткеніміз жөн. Жақында елімізге Қазақстанның негізгі сыртқы саяси және сыртқы экономикалық әріптестері – Франция мен Түркияның көшбасшылары келді. Бұл ретте біздің мемлекет өзінің ұлттық мүдделерін бәрінен жоғары қоятынын және барлық күш-жігер Қазақстан халқының болашағын құруға бағытталғанын көруге болады, – дейді Еуропалық және американдық зерттеулер бөлімінің басышысы Бекжан Садықов.