Ресейлік «Мульт» телеарнасы елімізде мемлекеттік тілде көрсетіледі – министр

12 Сәуір 2019, 12:40
2981
Бөлісу:
Ресейлік «Мульт» телеарнасы елімізде мемлекеттік тілде көрсетіледі – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ресейлік «Мульт» телеарнасымен өзара келісімге қол жеткізді. Бұл туралы министрлік басшысы Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ресейлік «Мульт» телеарнасымен өзара келісімге қол жеткізді. Бұл келісімге сәйкес, телеарнаның өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында, мемлекеттік тілде көрсетіле бастайды. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап, «Мульт» телеарнасының эфирінен заман талабына сай түсірілген танымал мультсериалдар және балалар анимациясының озық өнімдерін, біздің кішкентай көрермендеріміз қазақ тілінде тамашалай бастады. Алғашқы кезең болғандықтан, тәулігіне 3 сағат хабар таратылуда. Келешекте қазақ тілінде хабар тарату уақытын көбейтеміз деген жоспар бар», - деді министр.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев «Мульт» телеарнасымен бірлесіп қолға алынып жатқан жобаларға тоқталды.

«Қазір «Қағаздар» (Бумажки) және «Сүйкімді қонжықтар» (Ми-мишки) атты мультсериалдардың дубляжы толық аяқталды. Осы екі өнім «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» арнасының көрермендеріне де көрсетіліп жатыр. «Мульт» телеарнасы «Сказочный патруль», «Лео мен Тиг», «Четверо в кубе» және тағы басқа белгілі анимациялық сериалдарды біздің аудиторияға бейімдеуді жоспарлап отыр. Осылайша, бүлдіршіндеріміз сүйікті мультфильмдерін мемлекеттік тілде тамашалайды», - деді Дәурен Абаев.

Өзгелердің жаңалығы