Көлік министрлігі санкцияларды айналып өтіп ресейлік олигарх Қазақстан арқылы бизнес-джет сатып алғаны туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кей ақпарат көздерінде ресейлік оллигарх санкцияны айналып өтіп, Қазақстан арқылы жеке ұшақ сатып алғаны жөнінде жаңалықтар жарияланды.
Көлік министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған. Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған, - делінген министрлік жауабында.