Бүкілресейлік грек-рим турнирінде ақмолалықтар топ жарды

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының спортшысы грек-рим күресінен Бүкілресейлік турнирде үздік атанды. Бұл туралы&nbsp;облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 2 Қаңтар 2020 2020, 11:20
2 Қаңтар 2020 2020, 11:20
5967

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының спортшысы грек-рим күресінен Бүкілресейлік турнирде үздік атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Тарасовты еске алуға арналған грек-рим күресінен 37-ші бүкілресейлік турнир Нижний Тагилде өтті. Алтын алқа үшін Ресей, Қазақстан және Қырғызстаннан 100-ден астам спортшы күресті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дастан Зарлыханов жеңімпаз атанса, оның інісі Дамир 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді - делінген хабарламада.

Ағайынды палуандарды Егор Мукштадт жаттықтырады.

Наверх