Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік «Россия» телеарнасындағы «Привет, Андрей!» бағдарламасына қатысты.
Димаш қонағы болған «Песня года» аталымына арналған бағдарламаға сонымен қатар, Валерий Леонтьев, Лев Лещенко, Николай Басков, Игорь Крутой, Григорий Лепс, Сергей Лазарев, Дима Билан, Лолита, Александр Ревва сияқты танымал ресейлік орындаушылар мен әртістер жиналды.
Бағдарлама барысында тележүргізуші Андрей Малахов жиналған қонақтарға 2013 жылғы «Ел Арна» телеарнасындағы «Жанды Дауыс» бағдарламасының қазылар алқасы 17 жастағы Димашты сынаған бейнежазбаны көрсетті.
Роликті көргеннен кейін ресейлік жұлдыздар оған қатысты пікір білдіре бастады.
Сыншы адамды, әншіні қалай бағалай алады, ол тыныс алудың не екенін, тұрудың не екенін, дем шығарудың не екенін, осының бәрін қалай игеруге болатынын білмейді. Бұл жерде мысалы, мен циркке немесе балетке келіп, акробаттарды немесе Цискаридзе, Плисецкаяның биін сынағаным сияқты. Бұл мүмкін емес, себебі бұл шығармашылық, - Николай Басков.Сондай-ақ, Басков «оны қалай сынауға болады, ол – мінсіз ғой» деп таңданды. Димаш өз кезегінде бұл бағдарламаға қатысқан жылдары оның жасы 17-де болғанын еске алды.
Жыл өткен сайын бұрынғыдан да үздік болуға тырысасың, - деді Димаш.Сонымен қатар, эфирде Димаштың ата-анасы Қанат, Света Айтбаевтардың сахнада ән салған мұрағаттағы видеосы көрсетілді.