Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» бөлімшесінен өтпек болған 35 жастағы қазақстандық ұсталды, деп мәлімдейді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Оның автокөлігінен шекарашылар ешқандай ілеспе құжаттарсыз самаурындар тауып алды. Түсті металл сынықтары ретінде әкетіліп бара жатқан самаурындардың жалпы салмағы 861 кг екен. Металл сынықтары ретіндегі құны 1 845 000 теңге деп бағаланды.