Ресейге әскери киімдерді заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

Қостанай  облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің  бірлескен әрекетімен «Газель»  маркалы көлік құралы ұсталды, оның жүк бөлігінен  әскери  шлемдер  мен тактикалық  рюкзактар табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Наурыз 2023 2023, 14:54
АВТОР
 Мемлекеттік кірістер департаменті 16 Наурыз 2023 2023, 14:54
16 Наурыз 2023 2023, 14:54
980
Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті

Қостанай  облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің  бірлескен әрекетімен «Газель»  маркалы көлік құралы ұсталды, оның жүк бөлігінен  әскери  шлемдер  мен тактикалық  рюкзактар табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тасымалдау мұқаба тауарларын қолдана отырып жүзеге асырылған, тауарларға ілеспе құжаттамада  тауарлар туралы  мәліметтер  жоқ. 

Ағымдағы сәтте жүгі бар көлік құралы өткізу пунктінің орналасқан жерінде болады, тауарлардың шығу тегін және әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылданады.

Жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту және жүкті мемлекет пайдасына алып қою жөнінде тиісті шаралары қабылданатын болады.

Наверх